Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ереймен жерінде болып, өңір жағдайна назар аударды - АРҚА АЖАРЫ

Ереймен жерінде болып, өңір жағдайна назар аударды

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісовтің Ерейментау ауданына жұмыс сапары Новомарковка ауылындағы бірқатар нысандарды аралаудан басталды.

Ауыл шекарасында Талғат Тұрлыбекұлы аудан әкімі Абай Әлжанов, аудандық мәслихат хатшысы Медеу Әбжіков, ауыл әкімі Григорий Самойленко және облыстық мәслихатының депутаты Бекім Әкімовпен кездесіп, жоспарланған бағыт бойынша бірге жолға шықты.

Новомарковкаауылдықклубыныңғимаратынкүрделіжөндеуге 154 миллион теңгеденастамқаражатбөлінді, жұмыстарағымдағыжылдыңшілдеайындабасталды.

«Хамзе» шаруа қожалығы өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. Кәсіпорынды Ерейментау аудандық мәслихатының депутаты Ержан Биекенов басқарады. Ол әріптестеріне  астықты егін орағында алқаптарды, пайдаланылып жүрген техниканы, сондай-ақ,сүт фермасын көрсетті. Биыл шаруашылы қасыл тұқымды мал шаруашылығын және сүт өндіруге субсидиялауға өтінім берді. Қазір мұнда 295 ірі қара мал өсіріледі.1344 гектар егістік және 1224 гектар жайылым бар. Е.Биекенов аграрийлердің мәселелерімен бөлісе отырып, мемлекеттік қолдауға үмітін білдіріп, мұнда астық түсімі жаман емес екенін атап өтті.

Ерейментауға барар жолда Т. Жүнісов аудандық мәслихат депутаттарының өтініші бойынша Торғай ауылына барды, онда босап тұрған ғимаратты ФАП ашу үшін  қайта қалпына келтіру жоспарлануда.

Ерейментау ауданының орталығында әкімдік ғимаратында мәслихат хатшысы  аудан ақсақалдарымен, соның ішінде «Қанжығалы» ҚБ төрағасы Қ.Жақыппен, ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Абдинмен, ардагерлер қозғалысының белсенділері Қ.Құдабаев, А.Хасенов, Қ,Исабаев, А.Әпенов және Қ.Қалқамановамен кездесті.Өңірдегі қазіргі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде пікір алмасып, ақсақалдардың бірқатар өтініштері мен тілектерін тыңдады.

Сондай-ақ, Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттарымен, тұрақты комиссиялардың төрағаларымен кездесу өтті. Талғат Тұрлыбекұлы әріптестерімен ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, пікір алмасып, бірінші кезектегі бірқатарміндеттерді белгіледі. Халық қалаулылары өздерінің депутаттық қызметі, проблемалық мәселелері туралы айтып берді, оларды шешуде ерейментаулықтар әкімдік пеноблыстық мәслихаттың қолдауына сүйенеді.

Бұдан әрі мәслихат хатшысы әріптестерімен Ермейментау қаласындағы көше-жол желісінің орташа жөндеу барысымен танысты, қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. Жобалар екі жылдық. Ерейментау қаласының әкімі С.Барлыбаевтың  айтуынша, ағымдағы жылға жоспарланған барлық жұмыс көлемі орындалды, қаражат игерілді.

Ерейментау қаласының сумен жабдықтау жүйесін магистральды желілерге қосу арқылы қайта жаңартуға 500 миллион теңге бөлінді. Құрылыс ағымдағы жылдың мамыр айында басталды. Аудан басшылығы судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін нысанды жыл соңына дейін аяқтау міндетін қойды.

Ерейментау қаласында кезекте тұрғандар үшін 45 пәтерлі тұрғын үй салынуда. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Д.Хамитов хабарлағанындай, нысанның жалпы сметалық құны – 680 миллион теңге.  Жоба құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты түзету рәсімінен өтті, жаңа қорытынды алынды. Өткен жылы облыстық бюджеттен 150 миллион теңге, ағымдағы жылы – 68,5 миллион теңге бөлінді. Қалған қаражат облыстық қазынадан несие есебінде қарастырылған.

Жобаның қымбаттауына байланысты басқа объектіде де түзетужүргізілді. 60 пәтерлі коммуналдық үйдің құрылысы 2020 жылы басталды, құны 765 миллион теңге болатын бүл да  жоба  2023 жылға ауысады.

Түзету кезеңінде екі үйдің құрылысы іс жүзінде тоқтап қалған болатын.Сондықтан,іске асыру мерзіміне қатысты проблемалар бар. Депутаттарқұрылыс бөлімінің мамандары мен  мердігерлерден коммуналдық тұрғын үйді пайдалануға беру әлеуметтік маңызды мәселе болғандықтан, сапаны ұмытпай, жұмысты жеделдетуді сұрады.

Жуырда ғана Ерейментау қаласында құны 261 миллион теңге болатын дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жаңа заманауи спорт нысаны Конституция күніне орай тапсырылып, аудан орталығының тұрғындары үшін жақсы сыйлық болды. Енді олардың игілігінде химиялық талдау зертханасы бар тамаша бассейн, спорттық ойын және жаттығу залдары, демалыс бөлмелері бар. Жергілікті спортшылар мен олардың жаттықтырушылары үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған.

– Жалпы, ауданға сапарымыз жемісті болды. Біз депутаттармен бірге облыстық және республикалық бюджеттерден қаржыландырылатын әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілердің қалай салынып жатқанын жеке қарадық, депутаттық корпустың бақылауына алынатын бірқатар проблемалық мәселелерді айқындадық.   Аудан тұрақты дамуда, бірақ, алда әсіресе, Мемлекет басшысының  «Әділетті мемлекет. Біртұтасұлт. Берекеліқоғам» Жолдауын іске асыру барысындакөптеген өзекті міндеттер тұр, –­­деп түйіндеді Талғат Тұрлыбекұлы.

Қарлыға Мұхатаева,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар