Кітап көрмесі ұлт ұстазына арналды

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тұтқасы, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі мен жетістігі. Адамды ұлы жеңіске де, мұратқа да жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Қазақстан халқының тілдері күніне орай, еліміздің барлық облыс орталықтарында, қалалар мен ауыл-аймақтарында  тұратын әр түрлі ұлт өкілдері тілдер апталықтарын өткізіп, оның аясында тілдерді меңгеру бойынша конкурстар, дөңгелек үстелдер мен ғылыми конференциялар ұйымдастырады. 

Қалалық орталық үлгілі кітапханасы мемлекеттік тіл, қазақ тілінің мәртебесін көтеру жолында көптеген іс-шаралар өткізіп келеді. Биылғы Қазақстан халқы тілдерінің күнімен орайласа келіп отырған,қазақ халқының әлеуметтік, саяси, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына байланысты қыркүйектің 9-ы күні «Тіл мен ғылымның туын көтерген көсемсөз шебері» атты  үлкен кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген екен. ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы – өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға. Біз де өз тарапымыздан ана тіліміздің  өркендеп, қанат жаюына, жас бүлдіршіндердің ана тілінде білім алып, өсіп-өркендеуіне ат салысуға шақырамыз.

Күнсұлу ИСИНА,
Көкшетау орталық қалалық үлгілі кітапханасының кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар