Жолдаудан туындайтын басты міндеттерді айқындап алды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына арнаған Жолдауын талқылаған«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының актив отырысына облыс әкімі, филиал төрағасы Ермек Маржықпаев қатысып, сөз сөйлеп, жаңа тарихи құжатта атап көрсетілген іргелі міндеттердің орындалуына партиялық бақылауды күшейту қажеттігін атап көрсетті.

Отырысқа қатысушылар Мемлекет Басшысы бастаған саяси жаңғыру процесінің экономикалық өзгерістермен ұштастырылып,  саяси-құқықтық трансформация арқылы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанына тоқталды.

Мәселен, «Вознесенка» бастауыш партия ұйымының төрағасы әрі ауылдық округ әкімі Юлия Сироткина Жолдаудың халықты әлеуметтік қолдау бөлігіндегі көптеген мәселелерді әңгімеледі.

– «Ұлттық қор –балаларға» жобасы, медицина мен білім беруді дамыту, 650 елді мекенде емдеу мекемесін салу, 2023 жылдан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін бір жарым жылға дейін ұзарту секілді жаңалықтар әлеуметтік қамсыздандыру саласын жетілдіре түсетіні анық. «AMANAT» партиясы халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын көтеруге бағытталған шаралардың толықтай жүзеге асырылуына мүдделі»,–деді ол өз сөзінде. Сондай-ақ, ол нақты секторды дамытуды көздейтін екінші бағытқа толығырақ тоқталды. Оның пікірінше, ең алдымен, жер қойнауын игеруге инвестициялар тарту үшін заңнама мен рәсімдерді айтарлықтай жеңілдету, сондай-ақ, геологиялық ақпараттың бірыңғай деректер банкін құруды аяқтағанжөн.

Актив отырысында сөз сөйлеген Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті құқық кафедрасының лекторы, заң ғылымдарының магистрі Ерлан Наурызбаев Мемлекет Басшысының сот жүйесіне және құқық қорғау органдарына қатысты нақты пікірін білдірді.

– Сот кадрларын жинақтау, олардың біліктілігін көтеру,болашақта сот жүйесіне адал таза,мінсіз азаматтарды, заңгерлерді жинау туралы Мемлекет Басшысы жоғарғы сот кеңесі органына тапсырма ретінде бағыт-бағдарлар берді. Жоғарғы сот кеңесі органы болашақта осы мәселелердің барлығын жан-жақты қарастырып кешенді түрде бұл мәселеге мән беру керек деген болатын. Өйткені, сот жүйесіне шағымданып келген қарапайым азаматтың тағдыр талқысына түскен мәселелерін, заңды түрде жан-жақты талдап, айғақ дәлелдерін жинап, тек қана заңға сәйкес әділ шешім шығаратын судьялар қажет. Осы орайда Мемлекет Басшысы жоғарғы сот кеңесі органының болашақта түпкілікті түрде реформаланатыны туралы да айтып өтті, – деді ол өз сөзінде.

Актив жиынында партия белсенділері Жолдаудың негізгі басым бағыттары туралы ойларын ортаға салып, пайымды пікірлерін білдірді. Дәл осындай партия активінің отырыстары облыстың барлық аумақтық филиалдарында ұйымдастырылады. Бүгінде облыс орталығы мен аудандарда зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері және жастардан құралатын спикерлер пулы жасақталды. Партия филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев Жолдаудағы әлеуметтік-экономикалық бағыттағы міндеттердің орындалуына партиялық бақылауды күшейтуге шақырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар