Ұлыбритания ханшайымы II Елизавета 96 жасында дүниеден өтті

 – Ұлыбритания ханшайымы II Елизавета Балморал сарайында 96 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еuronews.com сайтына сілтеме жасап.

Британдық СІМ бұл оқиға туралы Елизавета II ресми Мемлекет басшысы болған 15 елдің үкіметіне, сондай-ақ Ұлттар достастығына мүше 38 елдің басшылығына хабарлады.

Ханшайымның қайтыс болғаны туралы хабарланғаннан кейін Лондонның орталығындағы барлық үкіметтік ғимараттардағы мемлекеттік ту түсірілді.

Бұған дейін монарх Балморалда медициналық бақылауда болғандығы туралы хабарланған еді.

Ханшайымның ұлы ханзада Чарльз және басқа да отбасы мүшелері Шотландиядағы резиденциясына келіп, онымен бірге болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар