Қазақстанның халық әртісі Гүлнәфіс Баязитованың 105 жылдығына арналған «Ғасырлардан жеткен үн» облыстық қобызшылар байқауы мәресіне жетті.
Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы ұйымдастыруымен Целиноград аудандық мәдениет үйінде өткен байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Ұйымдастыру алқасының диплом және естелік сыйлықпен Айнакөз Нұрташ – Зеренді ауданы, Рабиға Стыбаева – Аршалы ауданы, Сабина Жалмағанбетова – Ерейментау ауданы, Аружан Тимур – Көкшетау қаласы, «Ақ-бұлақ» қобызшылар ансамблі – Ерейментау ауданы марапатталды.
3-ші дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен Айжан Бешембаева – Целиноград ауданы;
2-ші дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен Әйгерім Ахметжанова – Көкшетау қаласы;
1-ші дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен Баян Рахимжанова – Целиноград ауданы;
Бас жүлде және бағалы сыйлықпен Назгүл Төлетаева – Астрахан ауданы марапатталды.