Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда ардагерлер арасында зіл темірді жатып көтеруден Азия чемпионаты мәресіне жетті. Байрақты жарысқа 200-ден астам атлет қатысты.
Ақмола облысының ардагер спортшылары түрлі дәрежедегі үш медаль жеңіп алды. Оның ішінде Шәріпхан Сәдуақасов чемпион атанса, Қайрат Нұрмұқанов екінші, Ерлан Сәрсенов үшінші орын иеленді.