Жапонияда тайфун салдарынан су тасып,  200 мыңға жуық үй жарықсыз қалды

– Жексенбіде Жапонияның оңтүстік бөлігін тарихтағы ең күшті тайфундардың бірі соқты. Оның құрбандары мен қирағаны туралы ақпарат әзірге жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Метеорологтар «Нанмадол» деп атаған тайфун жексенбі күні кешке (Еуропада таңертең) Жапонияның төрт негізгі аралдарының оңтүстігінде Кагосима қаласының жанында, Кюсюде құрлыққа шыққан.

Тайфун аймағында желдің екпіні сағатына 234 шақырымға жетеді (секундына 65 метр). Жапонияның метеорологиялық қызметінің бағалауы бойынша, бір тәуліктен аз уақыт ішінде кейбір жерлерде 500 мм-ге жуық жауын-шашын түсті. Лондонда немесе Мәскеуде, мысалы, сәл көп – 600-700 мм – орта есеппен жылына түседі.

Мұндай бұрын-соңды болмаған нөсер су тасқынына, селге және көшкінге қауіп төндіріп отыр. Билік төрт миллионға жуық адамды қауіпсіз жерге эвакуациялауға шақырды (аралда барлығы 13 миллион адам тұрады). Кюсюге пойыздар, паромдар және әуе қатынасы тоқтатылды.

Тайфун келгеннен кейін көп ұзамай аралда 200 мыңға жуық үй жарықсыз қалды.

Фото: bbc.com

 804 Total Views,  40 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Өзге де жаңалықтар