Ақмола облысында 800 мыңға жуық адам емханаларға тіркелді

– Ақмола облысында 800 мыңға жуық адам емханаға тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Талғатбек Тілеубердин мәліметінше, емханаға бекіту науқаны науқасқа 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсетілетін клиниканы таңдауға мүмкіндік береді. 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда емханаларға еркін тіркелу жүріп жатыр. Науқан екі айға созылады. Осы уақыт ішінде қазақстандықтардың медициналық ұйымды таңдау мүмкіндігі бар.

«Биыл Ақмола облысында 25 медициналық ұйыммен шарт жасалды, оның 18-і мемлекеттік және 7-і жеке меншік. 16 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірде 785 035 адам тіркелген, оның ішінде шетелдіктер – 8 109, қандастар – 240, ауыл халқы – 335 379 адам. Медициналық ұйымды еркін таңдау науқаны жыл сайын өткізіледі. Ол қазақстандықтарға тіркелу ұйымын өзгертуге мүмкіндік береді», – дейді Талғатбек Тілеубердин.

Науқастар учаскелік дәрігердің қабылдауына, өзінің денсаулық жағдайын бақылауды, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, скринингтік тексерулерден, диагностикалық зертханалық және аспаптық зерттеулерден өтуді, емдеуге жатқызуға жолдаманы қоса алғанда, медициналық көмекке қол жеткізе алады.

«Тіркеу науқаны науқасқа 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсететін клиниканы таңдауға мүмкіндік береді. Емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар бұрын қызмет көрсетілген медициналық ұйымына бекітілген болып қалады», – деп түйіндеді Талғатбек Тілеубердин.

Айта кетсек, Ақмола облысында тұмауға қарсы вакцина егу жұмыстары басталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар