Ашық есік күніне балалар көп жиналды

 «Болашақ» сарайында Балалар жылы аясында ұйымдастырылған Ашық есік күні аталып өтті.

Балалар мен жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтудің, оларды тартудың тиімді тәсілі балаларға қосымша білім беру болып табылады. Әр жыл өткен сайын бұл жұмыс қарқынды дамып, балалардың қызығушылығы артып, жетістіктер көбеюде. 2021-2022 оқу жылы көптеген жетістіктер мен атаулы оқиғалар жылы болғаны бәрімізге белгілі. Балалар «Болашақ» сарайын таңдап, өз қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында үйірмелерге көптеп қатысуда.

Мекеме қызметкерлері талантты да дарынды балаларды тәрбиелеуде облыстағы үлгілі істерге айтарлықтай үлес қосуда. Мақтануға тұрарлықтай жетістіктер де мол. Жалпы, білім алушылар әртүрлі байқаулар мен сайыстардан жүлделі орындарды жиі иеленген. Мұнда 2022-2023 оқу жылында даму жоспарына сәйкес өткен оқу-тәрбие жұмысының тақырыбын негізге ала отырып, биік мақсат-міндеттерді алға қоюда.

– Мемлекет басшысы, Оқу-ағарту  министрлігінің, облыс әкімдігінің және білім басқармасының біздің алдымызға қойған мақсаттары  мен міндеттері  маңызды деп біліп, оларды іске асыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Жаңа оқу жылында барша оқушылар мен ата-аналарға биік жетістіктер, жақсы нәтижелер тілейміз, – дейді бұл орайда, мекеме директоры Айнагүл Балташева.

Ашық есік күнінің ашылу салтанатында балаларға арналып әдемі аниматорлар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Жиын соңы әр бағытпен қамтылған танымдық экскурсиямен жалғасты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар