Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
C5+1 форматындағы СІМ басшыларының келесі кездесуі Қазақстанда өтуі мүмкін - АРҚА АЖАРЫ

C5+1 форматындағы СІМ басшыларының келесі кездесуі Қазақстанда өтуі мүмкін

– С5+1 форматындағы сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуінде өзекті мәселелер, сондай-ақ өңір елдері мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жөніндегі бірлескен күш-жігер талқыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының қатысуымен С5+1 форматында сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушылар қол жеткізілген уағдаластықтарды институционалдық қолдауды және үйлестірілген іске асыруды қамтамасыз етуге арналған С5+1 Виртуалды хатшылығының іске қосылуын құптады.

М. Тілеуберді өз сөзінде өңірдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығын арттыру мақсатында ішкі өңірлік диалогті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан өңірлік қауіпсіздік, климаттық өзгерістердің жағымсыз салдарына қарсы іс-қимыл жасау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және адами капиталды дамыту мәселелерін бірлесіп шешуге барынша күш салады», — деді ол.

Іс-шара соңында Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы келесі министрлік кездесуді Қазақстанда өткізуді ұсынды.

Фото : gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар