Ұлтын алға жетелеген ұлы ұстаз

Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.

                                                                           Мұхтар  Әуезов.

 Ахмет Байтұрсынов – қазақтың тіл тану ғылымының атасы. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, түркітанушы,  публицист, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы және  ақын. Міне, биыл елімізде ұлы тұлғаның 150 жылдық мерейтойы атап өтілуде. «Алаш» атты партияны құрған Әлихан Бөкейхан болса, негізін салушылардың бірі – Ахмет Байтұрсынов.

Зиялы қауым қазақ халқының тәуелсіздігін, бостандығын аңсаған. Болашақ ұрпақтары тәуелсіз Қазақстанда, жаңа Қазақстанда ғұмыр кешетіндей болсын деп, бастарын қатерге тіккен. Сол кездегі өкімет те зиялы қауымды тыңдамай, Ахмет Байтұрсыновтың сыртынан өзінің қазақтары арыз жазып, абақтыға жабады.  Абақтыда Ахмет атамыз бұл жайында шығарма жазған. Жалпы, сонда Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының тәрбиелік мәні неде? Абақтыда жазған өлеңінде автор «мен сендерге жүгіндім, Төресі әділ қазының» деп шындыққа және әділдіктің орын алуына сенген болатын. Ал, қазіргі заманға келетін болсақ, адамдардың көбі сәл нәрседен үмітін үзіп, салы суға кетеді. Бәрі бірден болып-толғысы келеді. Ахмет атамыз «Замандастарыма» деген шығармасында да елге өзінің кеңестерін береді, аздыққа қанағат, жоқтыққа сабырлықпен қарап, төзімді бола білу керектігін алға тартады. Себебі, төзімді адамның алдынан бір күні шыққан күндей жақсылық та бой көрсетеді.

Асыл сөздің діңгегін құраған ұлы тұлға туралы ойымды қорытар болсам, басқалардан кем болмау үшін біз білімді, бай, күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін  оқу керек, бай болу үшін кәсіп ашу керек, күшті болу үшін береке, бірлік керек. Міне, Ахмет Байтұрсынұлы айтқанындай, барды ұқсатып, өзіміздің мықты екенімізді көрсету өз қолымызда.

Дария АМАНҒАЛИЕВА,
Астана қаласының №27 мектеп-лицейінің, 11 «А» сынып оқушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар