Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды

– ҚР Президенті сайлауына кандидаттардан өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 10:35-тегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына кандидатты ұсыну өтініші келіп түскен жоқ», – деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Айта кетсек, бүгін Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды. Аталған процесс 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады .

Президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптар:

ҚР азаматы болуы;

ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;

Жоғары білімінің болуы;

Жасы 40-қа толған болуы;

Белсенді сайлау құқығының болуы;

Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

Бұған дейін Президенттікке кандидаттар төлейтін 3 млн теңге жарна иесіне қандай жағдайда қайтарылатыны туралы хабарлаған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар