Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қанның аздығы да әсер етеді - АРҚА АЖАРЫ

Қанның аздығы да әсер етеді

Гемоглобин дегеніміз қандағы темір дәрумені бар ақуыз, оның жетіспеушілігі иммундық жүйенің әлсіреуіне, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, физикалық күштің төмендеуіне, жұмыс қабілеттілігі мен зейінін төмендетуге, асқынулармен ЖРВИ қаупін арттыруға әкелуі мүмкін.

Адам қанындағы гемоглобиннің қалыпты мөлшері: ерлерде 140-160 г/л, әйелдерде 120-140 г/л болса; балаларда – 110-130 г/л.Қан гемоглобині оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдауға қатысады, рН тепе-теңдігін сақтайды.

Анемия (немесе қарапайым тілмен айтқанда, қан аздығы) – бұл дегініміз оттегі тасымалдайтын қызыл қан клеткаларының азаюы немесе оттегі тасымалдайтын негізгі ақуыз (гемоглобин) мөлшерінің белгілі бір мәннен төмендеуі.

Анемия иммунитетті төмендетуіне байланысты жұқпалы аурулармен, соның ішінде туберкулезбен ауыру қаупі артады. Туберкулезде анемия жиі кездеседі. Мысалы, гемоглобині төмен адам туберкулезге тексерілгенде бұл ауру 532 пациенттің 384-інде, яғни, 73,4 пайызында анықталған.Анемияның даму қаупі тобына төмендегі адамдар санаты жатады:

– жүкті немесе бала емізетін, етеккірі көп уақыт және  көп мөлшердекелетін әйелдер;

– вегетариандықтар, немесеқұрамында темір дәрумені бар тағамдардыазтұтынатын жандар (еттен, балықтан темірге бай өсімдік тектес өнімдерге қарағанда жақсы сіңеді);

–  асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар адамдар (колит, целиак ауруы, асқазан мен он екі ішектің ойық жарасы);

– күніне 500-750 мл-ден астам сиыр сүтін ішетін балалар (құрамында темір аз, сонымен қатар ішекте темірдің сіңуін нашарлатады);

– асқазан, ішек, өңеш ісіктері;

– ТТА қарқынды дене жүктемелерінде, жиі мұрыннан қан кетулерде пайда болуы мүмкін.

Анемияның алдын алу:

  1. Алдымен дұрыс тамақтану керек. Бұл денсаулықты сақтауға және аурулардың пайда болуына жол бермейді, өйткені, ағзалардың жұмыс сапасы қанға енетін дәрумендердің тепе-теңдігіне байланысты. Анемияның дамуын болдырмас үшін үнемі ақуыз мөлшері жоғары тағамдарды жеу керек: ет өнімдері, жарма, көкөністер мен шөптер, қызанақ, картоп, пияз, асқабақ, қызылша, жасыл көкөністер, қыша, шпинат, ақжелкен, жеміс-жидектер.
  2. Жаман әдеттерден бас тарту қажет. Адам денсаулығына ең үлкен соққы – темекі шегу. Темекі түтінін жұту арқылы адам гемоглобинді көміртегі тотығымен байланыстырады, бұл ақуыздың жасушаларға оттегін тасымалдау қабілетін едәуір төмендетеді.
  3. Салауатты өмір салтын ұстану керек .

Кез-келген ауруды емдеу ерте кезеңде әлдеқайда оңай екенін бәрі біледі, ол үшін әр адам үнемі қан анализін (жылына кемінде 1 рет) тапсыруыңыз керек – осылайша ағзаңыздағы гемоглобин балансының бұзылуының алғашқы белгілерін байқай аласыз.

Айсұлу ТАСЖАНОВА,
 Орталықтың бірінші санатты дәрігер-зертханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар