Мен туберкулез ауруын жеңдім!

Кім дертті болғанын қалайды?! Бұрын қатерлі ісік, қант диабеті сияқты аурулардан қорқатынмын. Мен үшін туберкулез басқа бір әлемнен келген тәрізді. Алғашқыда бұл ауру туралы ештеңе білмедім. Сыныптастарымды манту сынамасына реакциясы жоғары болса, фтизиатрға жіберіп жүрді.

Бірақ, олардың ешқайсысы ауырған жоқ, ауруханаға да жатқызылмады. Ал, мен ауырып қалдым. Туберкулез дейтұғын қорқынышты диагноз қойылды. Сол сәттен бастап санамды уайым жайлады. Адам болмайтын шығармын, тіпті жақында өлуім де мүмкін деп уайымдай бастадым. Ауру адаммен кім сөйлесіп, кім шер тартқатпақ? Ал, мұндай жағдайда қалай жұмыс істеуге болады? Саналуан, неше түрлі сауалдар мазалайтын болып алды.

Туберкулез менің өмірімнің бір жылын алды. Бір жыл бойы емделдім. Осы кездегі уақытымның барлығы өмір үшін күреске толы болды. Өте қиын! Әйтсе де, мен емделіп шықтым. Жаныма жақын, жаңа достар таптым. Ағзама айырылмастай болып жабысқан дерт шеңгелін жұлып тастап, қорқынышты аурудың құшағынан басы бүтін айығып шыққан соң қанша азапты, ауыр болса да, түптің түбінде бұл ауруды жеңуге болатындығын түйсіндім.

Қандай жағдайда да өмірден түңілмеу керек. Басқа түскен туберкулез тәрізді салмағы бесбатпан аурумен күресе білу қажет. Ең бастысы, емделу процесін үзбей, тұрақты әрі тиімді өткізген дұрыс. Менің басымнан кешкен өз жағдайым мен осы тұрғыдағы тәжірибем біреулерге пайдалы болуы да мүмкін. Сол үшін жан сырымды ақтарып отырмын. Өйткен, бұл өмірде ешкімде ауырмаса екен деп тілеймін. Ал, ауыра қалса өзім сияқты одан бір күні сауығып кетеріне сенімді болса, сол үшін күрессе, нұр үстіне нұр!

Раушан.   

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар