Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, орталықта электрлік тренажерлер, жоғарғы блок тренажерлері, реттелетін гантельдер, жүгіру жолы, көп функциялы қуат тренажері және үстел теннисіне арналған үстелдер бар.
Нысанның ашылуына Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде мұқтаж адамдарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға сертификат табыс етті.
«Әрбір қамқорлықтағы адамға жеке көзқарас, жүктеме олардың ерекшеліктерін ескере отырып бөлінеді. Залда палаталардың жалпы физикалық жағдайын нығайтуға көмектесетін тренажерлардың бірнеше түрі бар. Балалар үшін жеке бағдарламалар жасалды. Бізде мүгедектігі бар адамдарға арналған үстел теннисі және пауэрлифтинг бөлімі жұмыс істейді», – деді мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мерген» спорт клубының жаттықтырушысы Станислав Мухамадиев.