Қазақ ағартушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде және еліміздің барша өңірінде аталып өтіліп, түрлі мәдени шаралармен айшықталуда.
Осы орайда Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің Бірлік қалалық үлгілі кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналып «Еңселі елдің тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға –Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде, жастардың бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткерінің құнды мұраларын дәріптеп, еңбектерін жан-жақты насихаттау арқылы оқырмандарды А. Байтұрсынұлының әдеби мұрасымен таныстыру.
Іс-шараға Ахмет Байтұрсынұлының мұраларын, ғылыми еңбектерін насихаттап жүрген Ш.Уәлиханов атындағы университетінің профессоры Сабит Жәмбек, «Егемен Қазақстан» газетінің арнайы тілшісі Байәділов Байқал Қайырлыұлы, «Арқа ажары» газетінің тілшісі Ұлмекен Тыныштыққызы Шәменова,«Тiлдердi оқыту орталығы» КММ-нiң жоғары санатты оқытушысы Ғабдуллина Венера Серікқызы, «Әдебиет және өнер» музейінің этнографы Сәбитова Гүлзайра Фазылбекқызы,мектеп ұстаздары, көпшілік оқырман және БАҚ өкілдері қатысты. Шара соңында Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Жетпісқалиев Серік Сапарұлы қорытынды сөз сөйледі.Шараға Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, кітапхана оқырмандары және №22 орта мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар шара барысында«Дәуірдің жарық жұлдызы» атты кең ауқымды кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Бодаубай Гүлжанар шолу жасады. №22 мектеп оқушылары ақын жырларынан үзінділер оқыды.
Анар Баймағамбетова,
Көкшетау қалалық Бірлік үлгілі кітапханасының меңгерушісі.