Қазақстан БҰҰ рейтингінде электронды үкіметті дамыту бойынша 28-орында тұр

– Қазақстан БҰҰ рейтингінде электрондық үкіметті дамыту бойынша 28-орынды иеленді. Бұл туралы бүгін өзінің Instagram парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин деп хабарлайд ҚазАқпарат.

«Достар! Сіздермен жақсы жаңалықты жеткізгім келіп отыр! Қазақстан БҰҰ (UN Global E-Government Development Index) рейтингінде «электрондық үкіметті» дамыту бойынша 28-орынды иеленді. Осылайша, 29-шы қатардан бір орынға жоғары көтерілдік.

Рейтингті шығару барысында БҰҰ сарапшылары электрондық қызметтер мен адами капиталдың дамуын, сондай-ақ телекоммуникациялық инфрақұрылымды бағалайтынын еске сала кетейін. Бұл рейтинг соңғы рет 2020 жылы жарияланған болатын. Біз коронавирус пандемиясына және басқа да қиындықтарға қарамастан екі жыл ішінде өз көрсеткіштерімізді жоспарлы түрде жақсарта алдық.

Цифрлық үкіметті дамыту Мемлекет басшысының ерекше бақылауында, Қасым-жомарт Кемелұлы цифрлық трансформация елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтынын атап өтті. Біз осымен тоқтап қалмай, отандық ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың сапасын арттыру бағытында тиісті жұмысты жалғастыратын боламыз. Болашақта көшбасшылардың қатарынан көрініп, БҰҰ рейтингінде 20-шы орынды иеленуге тырысамыз!»,-делінген хабарламада.

 476 Total Views,  2 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар