Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туберкулезге қарсы вакцина егудің мәселесі сөз болды - АРҚА АЖАРЫ

Туберкулезге қарсы вакцина егудің мәселесі сөз болды

Туберкулезге қарсы вакцинациялау перзентханада нәресте туғаннан кейін, алғашқы 2-3 күнде жүргізіледі деп мәлімделді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Яғни, екпе егу процесі жаңа туған нәрестеге я болмаса мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 5-6 жасар бүлдіршіндерге ғана қойылады. Сол вакцинаның әсері адамды өмір бойына туберкулезден қорғауға қауқарлы, деп сендірді Ақмола облысының санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы.

–Вакцинацияның  ерте мерзімінің себебі, Қазақстан – туберкулез бойынша эпидемиологиялық қолайсыз ел. Біздің елімізде сырқаттанушылардың  жалпы деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 20 адамнан асады. Сол себепті де,Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа туған нәрестелерді БЦЖ-мен вакцинациялауды ұсынады. Бұл вакцина балаларды туберкулездің ауыр түрлерінен қорғайды. Аурудың бұл түрі 5 жасқа дейінгі балалар үшін ең қауіпті, өйткені мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін, – деп толықтырды өз сөзін Ақмола облысының санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Серік Омарханов.

Бұл орайда, «жаңа туған нәрестеге вакцина еккен жағдайда кері реакция туындауы мүмкін бе?»деген сұрақ мазалауы орынды. Фтизиопедиатрия бойынша облыстық үйлестіруші, Рысты Шолатаеваның айтуынша, сәбилерде лимфаденит түріндегі жағымсыз реакция болуы мүмкін. Бірақ, бұл тым сирек кездесетін құбылыс.Балаларды туберкулезге профилактикалық тексеру мақсатындареспубликада туберкулинодиагностикатұрақты түрде  жүргізіледі. Ағзада туберкулез инфекциясының бар-жоғын көрсететін – иммунологиялық тест, яғни, манту.Бұл ретте, «мантуды» вирусқа қарсы екпемен шатастырмауды өтінді үйлестіруші.

–Манту сынамасы бала ағзасында туберкулез микобактериялары бар-жоғын анықтау үшін қолданылады. Егер реакция күмәнді болса, онда екпе егу кейінге қалдырылады және бала туберкулезді емдеуге маманданған дәрігерден  кеңес алуы керек.Манту сынамасы инъекциядан кейін 72 сағаттан кейін үшінші тәулікке тексеріледі, – деп аяқтады өз сөзін Рысты Шолатаева.

Соңғы сегіз айда Ақмола облысы бойынша 208 адам туберкулез жұқтырғаны анықталды. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 7 жағдай тіркелген. Басты себептердің бірі, вакцина алмағандық. Иммунитет төмендігі тағы бар.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар