Ақмола облысында сібір елігін атып алған браконьерлер ұсталды

 – Ақмола облысында браконьерлер мемлекеттік қорық аумағында сібір елігін атып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қыркүйектің 30-ында болған. Зеренді аудандық полиция бөліміне «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерінен «Орманды бұлақ» аумағында браконьерлер ұсталғандығы туралы ақпарат түскен.

«Анықталғандай, «УАЗ» көлігінің ішінде жүргізуші мен үш жолаушысы болды. Тексеру кезінде көліктің ішінен сібір елігінің ұшасы және 2 мылтық табылды. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1 бөлігі бойынша іс қозғалды. Сонымен бірге, тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау бойынша тергеу амалдары жүргізіле бастады», – деді ведомстводан.

Айта кетсек, Атбасарда аңшы жігіт балық аулап отырған адамға оқ атқан еді.

 1,152 Total Views,  2 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар