Мүгедектердің құқықтары қорғалды

Прокурорлардың наразылықтары бойынша облыс қалалары мен аудандарының әкімдіктері жұмыс орындарына квота белгілеу туралы қаулынының орындалуын заң талаптарына сәйкестендіріп, осының нәтижесінде 871 мүгедектің құқықтары қорғалды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде «мүгедек балалар» санаты бойынша кәмелетке толмаған балалардың 75 қамқоршысының құқықтары қорғалды, артық төленген жеке табыс салығы қайтарылды, 69 мүгедекке көлік құралдарына негізсіз есептелген салықтар қайтарылды.

Мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделмеген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қабылдағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жауапқа тартылды. Прокуратураның мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған мұндай одан әрі жұмысы жалғасуда.

 Ақмола облысының прокуратурасы.

 ***

 Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мемлекет саясатының басым бағыты болып табылады. Өйткені, оларды мұндай сипаттағы адамдардың құқықтары басқа азаматтармен тең болуы тиіс. Бұл теңдік денсаулық сақтауға қол жеткізуден, оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетімділікті қамтамасыз етуден тұрады. Нақ осы мүгедектер үшін аурухана ғимаратындағы қызмет көрсету аймағына қолжетімділіктің қамтамасыз етілмеуінен ағымдағы жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша «Жарқайың аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Жарқайың аудандық соты денсаулық сақтау органының іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты аудандық ауруханаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтатты.

Алайда, прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сот қайта қарастырып, денсаулық сақтау органы 1 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейін апелляциялық сатыда қаралған сот актісі өзгеріссіз қалдырылды, сөйтіп, қаулы заңды күшіне енді.

Прокурорлық қадағалау актісі мемлекеттің кез келген құқық бұзушылыққа бұлтартпастығын, құқық бұзушылықтарға, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғауға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жарқайың ауданының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар