Қоңыр күздегі береке жорығы мәреге жетуге таяу. Облыстың бірнеше аудандары егін орағын аяқтады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуына қарағанда, енді бірер күнде жиын-терін толық аяқталмақ.
Бір жақсысы, берекелі алқаптар мол өнім беруде. Бұл орайда, гектар берекесін 20 центнерге жеткізіп отырған Сандықтау ауданы көш бастауда. Сондай-ақ, Зеренді, Бурабай, Бұланды аудандарында да астық мол. Облыс бойынша орта есеппен әр гектардан 11,7 центнер өнім жиналуда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.