Wildberries интернет-дүкені және тұтынушылар құқығы

Интернет қазіргі заманғы адамның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды және сіз интернет-дүкендердегі сатып алулармен ешкімді таң қалдырмайсыз.

Интернет арқылы сатып алынған сатып алулардың көптеген артықшылықтары бар: уақытты үнемдеу, кең таңдау, бағаны бақылау және салыстыру мүмкіндігі. Көптеген жағдайларда интернет-дүкендерде тауарлар әдеттегі дүкенге қарағанда әлдеқайда арзан, тиімді акциялар жиі өткізіледі және жеңілдіктер беріледі. Иә, шынымен де интернет-дүкендер дәстүрлі дүкендерге қарағанда тезірек және ыңғайлы.

Бірақ, өкінішке орай, интернет-дүкендерде тауарларды сатып алу мәселелерін қарастыра отырып, туындауы мүмкін проблемаларды елемеуге болмайды. Өкінішке орай, ондай проблемалар туындайды.

Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің атына келіп түсетін электрондық сауда бойынша шағымдардың саны жылдан жылға артып келеді, негізінен, тұтынушылар тиісті және тиісті емес сападағы тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартуға, тауарды жеткізу мерзімдерінің бұзылуына, ақшалай қаражаттың қайтарылуына, жеткізілген тауардың сипаттамаға сәйкес келмеуіне, тауар мен сатушы туралы ақпараттың болмауына шағымданады.

Ағымдағы жылдың 8 айында департамент мекенжайына 16 тұтынушы «Вайлдберриз» ЖШС интернет-дүкенінің тиісті де, тиісті емес те сападағы қайтарылған тауары үшін ақшалай қаражатты қайтаруға көмек көрсетуді сұрап жүгінді.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңда егер тауар пішіні, өлшемі, түсі, мөлшері немесе жиынтығы бойынша сәйкес келмесе, тұтынушының тиісті сападағы тауарды қайтару құқығы көзделген. Негізгі шарт, егер ол пайдаланылмаған болса, оның презентациясы, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, зауыттық белгілері сақталса, тауарды қайтару жүзеге асырылады. Сатып алушы тауарды бергеннен кейін 14 күн ішінде кез келген уақытта тауардан бас тартуға құқылы.

Егер тұтынушы сатып алынған тауардағы ақауды байқаса, оған оны ауыстыру, жөндеу, жеңілдік алу немесе жұмсалған қаражатты кері қайтару құқығы беріледі, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңында бұл 15 және 30-баптармен бекітілген.

Бұдан басқа, интернет-дүкеннің веб-сайтында «тауарды жеткізу және қайтару» 9-бөлімінің 9.11-тармағында орналастырылған «Вайлдберриз» ЖШС сауда алаңын пайдалану қағидаларында сатып алушы тауардан бас тартқан жағдайда сатушы оған тауарды қайтарған және тиісті тауарды ұсынған күннен бастап 7 күннен кешіктірмей соманы қайтаруы тиіс деп атап көрсетілген.

Алайда, тұтынушылар «Вайлдберриз» ЖШС-інен бірнеше ай бойы ақшалай қаражаттың қайтарылуын күтіп, өз құқықтарын қорғау үшін біздің департаментке жүгінуге мәжбүр болды.

Департамент Wildberries интернет-дүкенінің байланыс орталығының өкілдеріне келіссөздер жүргізу арқылы интернет-дүкен қызмет көрсеткен кезде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес тұтынушылардың құқықтары мен сатушының міндеттері, тұтынушы тиісті емес сападағы тауарды қайтарғаны үшін өзара есеп айырысуды жүргізуді түсіндірді.

Нәтижесінде департаментке жүгінген барлық тұтынушыларға интернет-дүкен жалпы сомасы 380 мың теңгенің ақшалай қаражатын қайтаруды жүзеге асырды.

Егер осындай ұқсас жағдай туындаса, тұтынушы сатушыға жазбаша шағыммен жүгінуі керек. Сатушы тұтынушының шағымын алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде оны қарауға міндетті. Егер сатушы шағымға 10 күн ішінде жазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қараудан бас тартса, тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне немесе тұтынушылық дауды сотқа дейін реттеу субъектісіне хабарласуға, сондай-ақ, бұзылған құқықтарды қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

С. ЗАНЕГИНА,
Ақмола облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар