Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын жариялайды

– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын жария ететіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақын арада мен сайлауалды тұғырнаманы ұсынамын, онда елді жан-жақты трансформациялау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі іс-шаралар көрініс табады. Менің нық сенімім бойынша, біздің мемлекет өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған теңгерімді, көп бағытты, сындарлы сыртқы саясатты жүзеге асыруы тиіс», – деді Мемлекет басшысы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумында.

Президент Қазақстан халықаралық қатынастардағы теңдік пен демократия қағидаттарын, халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын ұдайы сақтауды жақтайтынын баса айтты.

«Қазақстан БҰҰ-ның әмбебап және баламасыз халықаралық ұйым ретіндегі беделін нығайту үшін белсенді күш-жігер жұмсайтын болады. Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтасатын боламыз, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әлеуетін нығайтамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар