Қолдаушылар форумы: Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне сенім артқандарға ризашылығын білдірді

– Мемлекет басшысының қатысуымен қолдаушылар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиында халықтық коалиция Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсынды.

Форумда еліміздегі түрлі саяси партиялар мен республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері алдағы президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады.

Мемлекет басшысы форумда сөз сөйлеп, өзіне сенім артқаны үшін шараға қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Форумға AMANAT, «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы секілді саяси партиялардың және 30-дан астам республикалық қоғамдық ұйымның атынан екі мыңнан астам өкіл қатысты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар