Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығы, Қазақ ханы Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына, Ұлы қолбасшы Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» облыстық байқауына Аршалы, Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Зеренді, Шортанды, Есіл аудандары мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан 20-29 жас аралығындағы жас дарынды жігіттер қатысып, бақ сынады.
Бес кезеңнен тұратын байқауда қатысушылар ұлттық спорт түрлерінде (жамбы ату, аударыспақ, «Қазақша күрес», армлестлинг) күш дайындығын, сондай-ақ өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Екі күндік байқау нәтижесі бойынша орындар келесідей анықталды:
Байқауға қатысып, ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін диплом және ақшалай сыйлық 75 мың теңге сертификатымен Семетай Ақылдас (Көкшетау қаласы), Саят Бүркіт (Атбасар ауданы), Азамат Ерболатов (Есіл ауданы), Дінмұхамед Амалбек (Зеренді ауданы) марапатталды.
“Жігерлі жігіт” номинациясы бойынша ақшалай сыйлық 150 мың сертификаттымен Кенжебек Мұхамеджанов (Жақсы ауданы),
“Қайсар жігіт” номинациясы бойынша ақшалай сыйлық 150 мың сертификаттымен Әбдібай Наурызбай (Егіндікөл ауданы),
“Білекті жігіт” номинациясы бойынша ақшалай сыйлық 150 мың сертификаттымен Әли Ризабек (Аршалы ауданы),
“Өнерлі жігіт” номинациясы бойынша ақшалай сыйлық 150 мың сертификаттымен Рахат Сабыров (Шортанды ауданы) марапатталды.
Бас жүлде “Жігіт сұлтаны-2022” атағы және 300 мың теңге ақшалай сертификатына Мұхаммед Амантаев (Қосшы қаласы) лайық деп танылды.