Ақмолалықтарды оңалту шаралары қалай жүзеге асырылып отыр

– Көкшетаудағы «Viamedis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Клиникалық-оңалту орталығы облыс тұрғындарына түрлі дерттерден толық сауығып шығу үшін оңалту қызметтерін көрсетіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтың бас дәрігері Бақтияр Қонқабаевтың айтуынша, медициналық мекемені «Viamedis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде салған.

«Көкшетаудағы «Viamedis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Клиникалық-оңалту орталығы 15 шілдеде салтанатты түрде ашылды. Бүгінгі таңда орталықта науқастарды қабылдау және үшінші кезеңдегі жоғары мамандандырылған оңалту терапиясы тәрізді қызметтер көрсетіліп жатыр. Оңалтудың үшінші кезеңі дегеніміз не? Бұл күндізгі стационарда оңалту, онда науқастар күні бойы терапия алып, барлық емдік шаралар қабылдаған соң үйлеріне жіберіледі», – деді Бақтияр Қонқабаев.

Орталық ашылған сәттен бастап Көкшетау қаласының ғана емес, Ақмола облысының бүкіл тұрғынына көмек көрсетіліп келеді. Сарыарқа шағынауданы мен жақын маңдағы шағынаудандардың тұрғындарына ыңғайлы болу үшін орталықта жалпы тәжірибе дәрігерлерінің қабылдауы да қарастырылған. Емханаға 20 мыңнан астам көкшетаулық тіркелген.

Көкшетау қаласының тұрғыны, зейнеткер Ғайша Еліманова, 45 жыл бойы медицина саласында еңбек еткен. Ол өзге медицина ұйымдарында сияқты ұзын-сонар кезектің жаңа орталықта болмауына қайраң қалып отыр.

«Орталық қызметкерлерінің барлығы, әсіресе мейірбикелер науқастармен өте сыпайы сөйлеседі. Дәрігерлері де керемет, нағыз ақ халатты абзал жандар. Қай уақытта кел десе, сол уақытта барып, тиісті процедураларымды аламын», – деп бөлісті қала тұрғыны.

Ғимараттың бірінші қабатында күту аймағы мен тіркеуді қамтитын шағын кеңселер орналасқан. Дәрігерге дейінгі қабылдау бөлмелерінде медициналық құжаттама ресімделеді, термометрия жүргізіледі, содан кейін науқастар өзінің емдеуші дәрігеріне барады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін электронды кезек бар. Науқастың нөмірі мен тегі экранда көрсетілгеннен кейін ол белгіленген кеңсеге барады.

Клиника нейрохирургия, травматология, ортопедиял, хирургия бағытындағы ем-домды, инсульттан кейін оңалту қызметін көрсетеді. Ал балаларға негізгі нозологиялар – орталық жүйке жүйесі, аутизм тәрізді дерттерден оңалту қызметтерін ұсынады.

Орталық дәрігерлерінің айтуынша, алдағы уақытта медициналық мекеме базасында диагностика бөлімшесін (КТ, МРТ, рентген), эндоскопия орталығы мен терапия бейініндегі төсек-орындар ашу жоспарланған.

«Біз қосымша қаржыландыруды күтіп отырмыз, жақын арада тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлар іске қосылады деп ойлаймын. Бұл екінші кезеңдегі оңалту. Науқастар бізде тәулік бойы орта есеппен 10-14 күн болады және амбулаториялық емдеуге ұсынымдар бере отырып, оңалту терапиясын алады», – деді орталықтың бас дәрігері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар