Құқық қорғаушы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

Құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оны “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықты, әсіресе әйелдер мен балалардың құқығын қорғап келеді. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу саласында белсенділік танытты.

Ол – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар ол “Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасының жетекшісі болды.

8 қазанда Қарақат Әбден президенттікке ұсыну үшін ОСК-ға құжаттарын тапсырды. 2-3 күн ішінде олардың талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

Кәсіпқой әлеуметтік қызметкерлер ұлттық альянсынан Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде қоғам қайраткері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден ұсынылған еді.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар