Жабал Ерғалиұлының 70 жас мерейтойына орай Ақмола облысында 100-ден аса іс-шара өтеді

Биыл Ақмола облысының белді журналисті, публицист, жазушы-драматургы, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиұлы 70 жас мерейтойын тойлағалы отыр.

Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде кіші әдеби қызметкерінен еңбек жолын бастаған Жабал Ерғалиұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты лауазымына дейін көтерілді.

Ақмола облысы және Көкшетау өңірінің тарихында тұңғыш рет «Көкшетау» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналын шығаруды ұйымдастырды.
11 қазан күні зиялы қауым өкілдері, студенттер, курсанттар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Елім деп соққан жүрегім» атты мерейтой иесімен кездесу өтеді.

Ең басты іс-шара – Жабал Ерғалиұлының 70 жылдық мерейтойына орай республикалық театр фестивалі 27-30 қазан аралығында Ш.Құсайынов атындағы қазқ музыкалық-драма театрында өтеді.

Мерейтойды мерекелеу аясында Ақмола облысында 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар жоспарланған: мерейтой иесімен мерекелік кездесулер, оқырмандар конференциясы, көрмелер, өңірлік айтыс, Қазақстанның жетекші театрларының қатысуымен республикалық театрлар фестивалі. Фестиваль аясында Қазақстанның әр өңірлерінен келген театр ұжымдары Жабал Ерғалиұлының қойылымдарын сахналайтын болады.

Сонымен қатар, фестиваль аясында Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры драматургтың шығармашылығы бойынша қойылым тұсаукесері өтеді

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар