Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
3D модельдеу арқылы көшеттер отырғызылды - АРҚА АЖАРЫ

3D модельдеу арқылы көшеттер отырғызылды

Ақмола облысында цифрлық бағдарлама  арқылы ағаш көшеттері отырғызылды. Осылайша «Алтын Алмас» компаниясы көгалдандыру жұмыстарында заманауи технологияларды қолдана бастады. Бұл жоба Алматы қаласындағы «Нархоз университеті» орнықты даму жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен бірлесіп әзірленген

Көшеттерді отырғызу алаңы компьютерлік 3D модельдеу арқылы жүзеге асырылды. Фито-вегетациялық тосқауыл ENVI-Met бағдарламалық жасақтамасы негізінде жасалған. Бұл жасыл кеңістіктің 3D моделін құруға және фитоның шаңды ұстау тиімділігін талдауға мүмкіндік берді.

– Ақсу кен орны 1939 жылы ашылған. Содан кейін оның жанында ауыл пайда болды. Қалдық қоймасының қалыптасуы өндіріс бөлігімен тығыз байланысты, кен өндіру және өңдеу бойынша жұмыстар 1951 жылы басталып, қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. Нақтырақ айтсақ, қалдық қоймаларының ішіндегі су қорын сақтай отырып, технологиялық жолдарды гидро суару мәселені толық шешпейді. Сондықтан, фито шаңды түсіру жобасы ұсынылды, – дейді «Ақсу 2» жобасының аға экологы Валерия Черникова.

Жобаның негізгі идеясы – кварцит кентінің ауданындағы қалдық қоймасында шаң жинауды зерттеу. Ағаштар мен өсімдіктер жалпы ауаны тазартады, жапырақтары стоматалар арқылы газ тәрізді ластаушы заттарды сіңіреді, ал, бөлшектер жапырақтары мен бұтақтарына тұндыру арқылы ауа шығарады. Осылайша табиғатты ластаушы заттармен күресуге көмектеседі. Шаңды фитотазарту жобасы «Алтын Алмас» компаниясының екі өндірістік алаңында – Ақмола облысындағы Ақсу кенішінің қалдық қоймасының батыс және шығыс жағында жүзеге асырылған.

– Үйеңкі, қарағаш, күміс сорғыш сияқты 1400 көшет отырғызылды. Біздің тарапымыздан күн сайын көшеттерді суару жұмыстары жүргізілуде. Ірі қара малдан қорғау үшін неғұрлым осал жерлерге қоршаулар орнатылды. Екі жылдан кейін жергілікті тұрғындар қабылданған шаралардың көрінетін әсерін бағалайды деп үміттенеміз.

Компания 2022 жылды Экология жылы деп жариялады. Фитобарьерлер тиімділігінің максималды шыңы бірнеше жылдан кейін, яғни, жас өсімдіктер тамыр жайып жайқалып өскенде байқалады, – дейді инженер-эколог Инна.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар