Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Фишинг» - алаяқтықтың жаңа түрі - АРҚА АЖАРЫ

«Фишинг» — алаяқтықтың жаңа түрі

Өздеріңіз білетіндей, екі жылдан астам уақыт бойы интернет-алаяқтық мәселесі біздің еліміз үшін өзекті мәселе.Жүздеген азаматтар алаяқтардың құрбаны болып отыр.

Облыс прокуратурасы ең көп жасалатын интернет-алаяқтықтар мен қаржы пирамидалары бойынша жадынамаларды әзірледі, оларәлеуметтік желілердесондай-ақ WhatsApp топтардажарияланған.

Ағымдағы жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде тіркеудің жалпы санының төмендеуіне қол жеткізілді.

Сонымен бірге, алаяқтықтың«фишинг» сияқты алаяқтықтың түрі қарқын алуда, атап айтқанда, қылмыскерлер телефон арқылы сөйлесіп, банк қызметкерінің рөлін ойнап, әртүрлі сылтаулармен құпия ақпаратты алады немесе карточкалық шотпен іс-әрекеттер жасауға ынталандырады.

Мысалы, Көкшетау қаласының тұрғыны оған белгісіз адамдар несие рәсімдегенін хабарлаған банк қызметкері ретінде таныстырған тұлғаға 1 миллион теңге аударды. Қоңырау шалушының нұсқауы бойынша соманы «сақтау» мақсатында ол онлайн-несие ресімдеп, оларды «қауіпсіз» шотқа аударды.Келесі күні ол алданғанын түсінді, өйткені, несие есептен жойылмаған.

Сондай-ақ, тауарларды «ОЛХ», «Крыша», «Колеса» электрондық алаңдарында сату және сатып алу туралы жалған хабарландырулар алаяқтың өзекті түрі болып қала береді.Мысалы, біздің облысымыздың тұрғыны теледидарды сату туралы хабарландыру жариялап, «ойдан шығарылған сатып алушымен» әңгімелесу барысында, сатып алушы тауарды пошта арқылы жеткізу туралы жолдағансілтемебойынша өтіп, өзінің банктік картасының деректемелерін толтырады.

Әңгімеден кейін оның банктік картасынан барлық ақша қаражаттары алынып тасталғанын, сондай-ақ, ақшалай несие рәсімделгенін бір-ақ біледі.

Көбінесе азаматтардың өздері түсінбей, қолда бар қаражатты сақтауға немесе көбейтуге уәде берген,сенімге кіретін алаяқтардың құрбаны болады.Бұл адамның ақшасын бейтаныс адамға сенуіне әсер ететін және ықпал ететін негізгі фактор.

Осындай фактілердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасы қырағылық танытуды және өзінің жеке және банктік мәліметтерін үшінші тұлғаларға бермеуді сұрайды.Егер сізге банк қызметкерлері қоңырау шалып, өздерін таныстырса, әңгімені үзіп, байланыс орталығының нөміріне қайта қоңырау шалыңыз.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар