ОСК: Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы талапқа сай

– Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаевтың барлық талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, оның кандидатурасын 3 қазанда «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған. Ал 11 қазанда Бақыт Жаңабаев үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде құжаттарын тапсырған болатын.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафинаның дерегінше, үміткер «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі отырысының президенттікке ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, өмірбаян деректері, Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары білімі туралы дипломының көшірмесін тапсырған.

Ұсынылған құжаттарды растау мақсатында Орталық сайлау комиссиясы Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және ҚР Әділет министрлігіне тиісті сұраулар жіберілген.

Оның нәтижелерін баяндаған Сабила Мұстафина үміткердің «ҚР сайлау туралы» Конституциялық Заңының 54 және 56-баптарына сай қойылатын талаптарға толық сәйкес келетінін мәлімдеді.

Тиісінше, Орталық сайлау комиссиясы Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы барлық талапқа сәйкес екенін растайтын қаулы қабылдады.

Еске салайық, ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев бүгін мемлекеттік тілден емтихан тапсырған болатын.

Лингвистикалық комиссияның мәліметінше, аталған үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар