Ақмола облысында қараусыз жүрген малдың 3 мыңнан астам иесі жауапқа тартылды

– Ақмола облысында қараусыз жүрген малдың 3 мыңнан астам иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жануардың қатысуымен болған жол апаты 11 қазанда Зеренді ауданында орын алды. Көкшетау-Атбасар автожолының 14 шақырымында Зеренді ауылының 48 жастағы тұрғыны – Lada Vesta автокөлігінің жүргізушісі сиырға соғылған. Апат салдарынан жануар оқиға орнында өліп, автомобильге механикалық зақым келді.

Жануардың иесіне қатысты ӘҚБтК 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын учаскелік полиция инспекторлары жүргізіліп жатыр.

Сол сияқты, 7 қазанда сағат 18:00 шамасында Наумовка ауылдық округінің учаскелік инспекторы Нұрлан Әбілов ауылдан шамамен 2 км қашықтықта 50 жылқыдан тұратын табынды көрді. Жануарлар Наумовка-Ақкөл автожолының жанында қараусыз жайылып жүрді: жақын жерде табыншы да, жануарлардың иесі де болмаған. Тәртіп сақшысы жергілікті ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, қараусыз жүрген малды мамандандырылған айыппұл тұрағына айдап кіргізді. Полиция жылқы иесінің жеке басын анықтады. Бұланды ауданының тұрғыны ӘҚБтК-нің 408-бабы 1 бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

10 қазанда «Қаңғыбас мал» ЖПІШ шеңберінде Талапкер ауылдық округінің учаскелік инспекторлары загонға 3 ірі қара малды айдап кіргізді. Мал иесінің жеке басын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, 9 айда облыстың 3228 тұрғыны ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Фото: polisia.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар