Сайлауға түскісі келгендердің ішінде 8 кандидат қана талапқа сай болып шықты

 – Бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен ашық отырыста комиссия өкілдері ҚР Президенттігіне үміткер қанша кандидаттың талапқа сай болып шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы 12 үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Біз өз кезегімізде құжаттардың сәйкестігін тексеріп, заңға сүйене отырып бүкіл жұмысты жүргіздік. Бүгін 3 үміткер талапқа сай болмай шықты. Тағы бір үміткерге сот ұйғарымы бар, оған қатысты шешім кейін шығады. Бұл жұмыс әлі жалғасып жатыр. Біз оны тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдаған жоқпыз. Ал жалпы қалған бүкіл үміткерлердің сәйкестік мәселесін толық қарадық», – деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Қоса кетсек, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі үміткерлерге сайлау жарнасы қандай жағдайда қайтарылатынын түсіндірген болатын.

Сабила Мұстафинаның сөзінше, «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, кандидатқа 3 жағдайда жарнасы қайтарылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар