Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
 Өндірісте еңбек қауіпсіздігі ережелері сақтала бермейді - АРҚА АЖАРЫ

 Өндірісте еңбек қауіпсіздігі ережелері сақтала бермейді

 І. Облыста 7 адам жұмыс орындарында қаза тапқан

Ақмола облысында оқыс оқиғалардың саны 40 пайызға өскен. Өндіріске қатысты барлығы 35 оқыс оқиға орын алды. Олардың салдарынан 35 адам зардап шегіп, оның ішінде 7 адам өмірден өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Амангелді Смайылов мәлімдеді.

Қазіргі таңда 8 оқыс оқиға бойынша арнайы тергеу жүріп жатыр. Амангелді Смайыловтың атап өткеніндей, кәсіпорын қызметкерлерін қорғау мен қауіпсіздік мәселесі, сондай-ақ, жұмыс орындарындағы жарақат алу мәселесі өзекті болып отыр.

–Барлық оқиғалар бойынша арнайы тергеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы актілер жасалды. Олардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің кінәсінің үлесі айқындалды. Тергеу нәтижелері бойынша барлық материалдар іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін ішкі істер органдарына жөнелтілді. Жазатайым оқиғалардың туындау себептері: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу, жұмыс өндірісін тиісті деңгейде ұйымдастырмау, жәбірленушінің өрескел абайсыздығы, жеке қорғану құралдарын қолданбау және тағы басқалары, – деп атап өтті Амангелді Смайылов.

32 кәсіпорында еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау өткізілді. Облыстың 222 кәсіпорны мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттары енгізілген. Облыстың 914 кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды, онда 1004 техникалық инспектор бар. Олар жарақат алу қаупі жоғары кәсіпорындармен және ұйымдармен жұмыс істеуге баса назар аударады. Соның нәтижесінде жарақаттану мен оқыс оқиғалардың алдын алу шаралары күшейтілді.

–Жұмыс берушілермен және кәсіпорын басшыларымен «Нөлдік жарақаттану – VisionZero» тұжырымдамасын енгізу және ілгерілету бойынша кездесулер өткізіліп жатыр. Облыс бойынша 2128 кәсіпорынмен «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша меморандумдар жасалды. 5 кәсіпорында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді, – деп толықтырды сөзін басқарма басшысы.

Белсенді жұмыс істейтін 6 980 кәсіпорынның ішінен 1017 кәсіпорын ғана қызметкерлерді оқыс оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы шарттар жасасқан. Еңбек инспекциясы басқармасы облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарына қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы 396 хабарлама жіберген көрінеді.

Алайда, оның бәрі елене бермейді.

ІІ. 130 жұмысшының құқығы бұзылған

Жыл басынан бері Ақмола облысында еңбек заңы бойынша осынша адамның құқығы бұзылған екен.  Еңбек заңнамасын бұзған 35 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тексерісімен 164 кәсіпорын мен ұйым қамтылды. Жыл басынан бері еңбек қатынастары және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша 881 өтініш келіп түскен, оның 371-і жалақы төлемеу мәселесі бойынша. Жұмысшылардың жалақысын төлемеу қашан да өзекті мәселе.

–21 кәсіпорын 360-тан астам қызметкерге 40 миллион теңгеге жуық қарыз болды. Бірақ мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуынан кейін қарыз төленді. Десе де, мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараты бойынша банкрот болған екі кәсіпорын 17 қызметкеріне шамамен 28 миллион теңге жалақысын әлі төлемеген. Облыстық сот қарастырып жатқан материалдарға сүйенсек,  8 кәсіпорынның  85 қызметкердің  алдында жалпы сомасы 18,3 миллион теңге көлемінде берешегі бар көрінеді. Бұл қарыздар «атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заң аясында өтеледі, – деді облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Амангелді Смайылов.

Сондай-ақ, жыл басынан бері облыстың 85 ірі және орта кәсіпорындарында 51 мың қызметкердің жалақысы көтерілді. Еңбек шарттары және ресми жұмысқа орналастыру  бойынша жұмыстар қарқынды  жалғасып жатыр. Тіркелмеген 48 300 қызметкердің 8 949-ы электрондық еңбек шарттарын тіркеуден өтті.  Бұл жоспардың орындалуының 18,5 пайызын құрайды.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар