Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адамды құтқарып, қауіптің алдын алуға бірінші болып жетеді - АРҚА АЖАРЫ

Адамды құтқарып, қауіптің алдын алуға бірінші болып жетеді

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің ең жедел ведомстволарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылы Азаматтық қорғау саласына 27 жыл толып отыр. Осы ширек ғасыр уақыт ішінде елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды тиісті деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйе қалыптасты. Табиғаттың тосын жағдайларына қарсы тұратын салада еңбек ететін қызметкерлер күнделікті дабыл бойынша отпен күресіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алып және оларды жоюды қамтамасыз етіп келеді.                     

Құтқарушы болу – өзгенің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, оны қауіптен аман алып қалу. Азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін құтқару, сақтау, көмектесу, қорғау ең басты міндет болып табылады. Осындай жауапкершілігі мол, қиын және қауіпті салада жүрген облысымыздың төтенше жағдай қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда.

Қандай қиыншылыққа тап келсе де олар барлығына жігерлілік танытуда. Облысымыздағы төтенше жағдайға тосқауыл қойып, тұрғындар өмірін құтқаруда ерен еңбек сіңіріп жүрген әр қызметкердің жұмысы ерлікпен пара-пар. Қызметіміздің құрылған сәтінен бастап, 400 мыңнан астам адам құтқарылды, төтенше жағдай болған аймақтардан 365 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 65 мыңнан астам азаматқа медициналық көмек көрсетілді.

Ағымдағы жылы Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен 216 адам, оның ішінде – 35 бала, өрт кезінде – 22, авариялық-құтқару жұмыстары кезінде – 153 адам, оның ішінде – 30 бала құтқарылды. Су айдындарынан 41 адам құтқарылды, оның 5-еуі бала. Сонымен қатар, биылғы жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері су тасқынының салдарымен күресіп, кең байтақ еліміздің елді мекендерін өрттен құтқарды. Зардап шеккендерді құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, оларды қауіп-қатерден құтқаруға көмектесті.

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмысының әрбір минуты құтқарылған адамдардыңжәне алды алынған қайғылы оқиғалардың санымен өлшенеді. Біздің қызметіміз біртұтас тетік ретінде жұмыс істейді. Сондықтан, құтқарушылар ведомство алдында тұрған барлық міндеттерді шеше алады. Кәсіпқойлық, өжеттілік, жауапкершілік, батылдық міне, біз жоғарыда санамалап өткен ер азаматтың бойынан табылатын абзал қасиеттер біздің саламызда қызмет ететін әрбір қызметкерге тән. Адамдар қиындыққа тап болған сәтте құтқарушылар әрқашан көмекке келіп, оларды қиындықтан құтқаратынына сенімді. Осы орайда, өз әріптестеріме халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарып жүрген еселі еңбектеріне алғыс айтқым келеді.

Құрметті Ақмола облысының Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мереке – Құтқарушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жер бетінде қайғы-қасірет, опат оқиға болмасын.Сол үшін жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

 Нұрлан АТЫҒАЕВ,
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар