Азаттық таңы атқан күн

2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнінің мәртебесін қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды.

«1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамымыз болды. Республика күні елдің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символы болуға тиіс» деді Президент. Республика күні 2009 жылға дейін ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде атап өтіліп келді.   Декларацияның тарихымыздағы айрықша рөлі Қазақстан алғаш рет өзінің дүниетанымы, жеке салт-дәстүрі, сондай-ақ өзінің болашағы туралы көзқарасы бар бірегей аумақтық субъект ретінде жариялауында.

Осылайша, мереке күнтізбесінде Республика Күнін жаңғырту-бұл жаңа Қазақстан ұрпағының өзінің бастауы мен сабақтастығын мойындауының, тарихи еңбегі мен халқымыздың мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы ерік-жігерін құрметтеуінің символы.

Республика Күнін жаңғыртуМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауында  айқындалған нақты  қоғамда қордаланған мәселелердің орындалып жатқандығының айғағы болып табылады.

Мемлекетімізді сақтау, тәуелсіз­ді­гі­­мізді баянды ету әділетті Қа­зақ­стан құруды талап етіп отыр. Тек әділетті қоғамда халық билік ор­ган­дарына сенеді. Әділеттілік дегеніміз бы­лай қарағанда күрделі ұғым болып кө­рін­генімен, шын мәнінде заң алдында бар­шаның теңдігі, әлсіздерге қамқорлық қой. «Қоғам өмірінің барлық саласы заңмен, құ­қықтық нормалармен реттелетін мемле­кет – әділетті мемлекет. Бұндай қоғамда әді­леттілік дегеніміз – ең алдымен адалдық» деп­ті қазіргі заманда демократияның үлгісі болып отырған Америка Құрама Штаттарын құру­шы саяси қайраткерлердің бірі Бенжамин Франклин.

Әділетті Қазақстанды, Жаңа Қазақстанды әр азамат өзінен бастау керек. Халық өзгеруі керек, халықтың санасы өзгеруге тиіс. Стереотиптерді түбегейлі жойғанда ғана алға қойған мақсат-міндеттерге қол жеткізе аламыз. Әр азамат Жаңа Қазақстанның бір кірпіші екенін сана-сезімімен толық түсінгенде ғана заң үстемдігі толық орнаған ел бола аламыз. Ел санасы, азаматтардың мәдениет-менталитеті,  100 пайыз идеалды заң қабылдасақ та, мемлекет оң жолға түсіп кете алмайды.

Еліміздің дамуының басты факторы адами капитал, өйткені ол қандайда болмасын қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады, сондықтан Ұлттық қордан балаларға қаржылық төлемдер жасалуы мемлекетімізде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа экономикалық саясаттың жағымды бастамасы.

Қазіргі таңда мемлекеттік дамудың жаңа кезеңі мен Әділетті Қазақстан құрудың негізгі алғышарттары жасалуда. Мәселен, конституциялық реформалардың бүкілхалықтық референдум арқылы жүзеге асырылуы халықты мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі екендігін көрсетті.

Жаңа Қазақстанды құру – бір күндік процесс емес, ол кешенді жоспарды қамтитын ауқымды іс-шаралар. Қоғам бір күнде жаңарып, өзгеріп кетпейді ол барлық қоғамның бірлесіп атқаратын жұмысы. Азаматтардың белсенділік танытып, референдумға баруы, жыл сайынғы Жолдауларды күтуі халықтың Президентке деген сенімінің белгісі. Халық болашақтан үміт күтеді және сол өзгерістердің болуына мүдделі болғандықтан референдумда өздерінің азаматтық позициясын білдірді. Конституциялық реформалар көптеген жылдар қоғамда қордаланған мажоритарлық жүйе, жер мәселесі, жергілікті өзін-өзі басқару сияқты бірқатар өзекті мәселелерді қамтыды.    Жалпы, реформалардың басты мақсаты – жаңа саяси мәдениетті қалыптастырып, сая­си белсенділігі жоғары азамат­тық қоғам құру. Әділетті қоғамның негіз­гі принципі де сол. Әр азамат өзінің еркін білдіре алатынын, өзінің заңнама­лық тұрғыдан қорғалғанын сезінетін қоғам орнату, міне Жаңа Қазақстанның алғышарты осылар.

Марат ӨТЕГЕНОВ ,
КХА жанындағы ғылыми-сараптама тобының төрағасы,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Қазақстан тарихы және
Рухани жаңғыру кафедрасының доценті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар