Стадион жаңарып шыға келді

Балкашино ауылы тұрғындарының «Урожай» стадионына жиналуына жауынның кедергісі болған жоқ. Ауқымды қалпына келтіруден кейін ғимарат дене шынықтыру және спорт әуесқойлары үшін қайта ашылды.

2021 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында «Урожай» стадионын қайта жаңғырту жобасын жүзеге асыру басталған болатын. Жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 388,6 миллион теңге бөлініп елеулі жұмыстар атқарылған. Оның ішінде жасанды жабын алаңы төселіп, жабындысы бар жеңіл атлетика жолдары, волейбол және баскетбол алаңдары толығымен қалпына келтірілген. Сондай-ақ,, жаттықтырушылар мен спортшыларға арналыған корпуспен, 300 орындық көрермен трибуналары жабдықталдған.

– Стадион кәсіпқойлар үшін де, белсенді демалысты ұнататын қарапайым жанкүйерлер үшін де спорттық өмірдің орталығына айналатынына сенімдімін. Ең бастысы, жастарымыздың бойында спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға деген құштарлықты қалыптастыру, – деді Ермек Боранбайұлы стадионның ашылу салтанатында.

Өңір басшысы Сандықтау ауданының тек ауыл шаруашылығы саласымен ғана емес, спортшыларымен де танымал екенін баса айтты. Олардың қатарында шаңғы жарысынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Владимир Сахнов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Роман Еремин, Александр Мухин, Ольга Мандрик бар.

Балкашино ауылында 2009 жылдан бері баскетбол командасының жаттықтырушысы Игорь Чайков жұмыс істейді. Ол 2018 жылы Қажымұқан атындағы облыстық мамандандырылған спорт мектебінің филиалы ашылғанда баскетбол бөлімінің жаттықтырушыларын басқарған.

– Жастар құрамасы бірнеше дүркін облыстық жарыстардың чемпионы және үш мәрте облыстық мектеп лигасының чемпионы атанды. Жігіттер Қазақстан мен Ресейдің кәсіпқой клубтарында өнер көрсетеді. Біздің шәкіртіміз Владимир Иванов баскетболдан ұлттық құраманың негізгі құрамында сәтті өнер көрсетуде. Бүгінде баскетбол секциясында 50-ге жуық адам жаттығады, бірақ шын мәнінде одан да көп жігіттер келеді, бұл өте танымал спорт түрі. Қайта жөндеуден өткеннен кейін стадион жаттығуға да, жарыстарға да дайын: мұнда көрермендер үшін ыңғайлы трибуналар, спортшылар мен жай баскетбол жанкүйерлері үшін тамаша алаң бар, – деді жаттықтырушы.

Облыста спорт инфрақұрылымын салу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соңғы 3 жылда 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені енгізілді. Ағымдағы жылы жеке инвестиция есебінен Атбасар ауданы Шуйское ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталса, Ерейментау қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталу сатысында. 2025 жылға дейін Қосшы, Есіл қалаларында, Родина, Қорғалжын ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу жоспарлануда.

Биылғы жылы облыстық бюджеттен 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп, 10 ауданның спорт нысандарын күрделі жөндеуден өткізіліп, 42 спорт алаңын салу жұмыстары жүргізілген. «Ауыл – ел бесігі» жобасы сәтті жүзеге асуда, соның аясында Бурабай ауданының Мәдениет айылы және Жақсы ауданының Жақсы ауылдарында спорт кешендері салынып, Шортанды ауылындағы стадион күрделі жөндеуден өтуде.

Доптың алғашқы соққы жасау құқығы облыс әкіміне берілді. Жігіттер Ермек Боранбайұлының добын ептілікпен алып, стадионда күрделі футбол тартыстарын өрбітті. Осы сәтте қолында футбол добы мен маркері бар бала әкімге жүгіріп келді. «Мереке құтты болсын! Дендерің сау, жақсы спортшы болыңдар», – деген қолтаңбасымен допты қайтарып берді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Наталья ЯКОВЛЕВА.

Сандықтау ауданы.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар