Ақмола облысында Антикор халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Арман Рахимов Қазақстан Республикасы күніне арналған «Конституцияның өзгеруі – уақыт талабы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Жыл сайынғы іс-шараның ұйымдастырушысы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті болып табылады.

Сондай-ақ конференцияға өңірдің мемлекеттік органдарының басшылары, отандық және шетелдік ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері, оқытушылар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы өзінің құттықтау сөзінде 1995 жылы өткізілген референдум нәтижесінде республиканың жаңа Конституциясы қабылданғанын, онда Қазақстанның егемендігін бекіту мәселелеріне жаңа көзқарастар көрініс тапқанын атап өтті. Бұл Конституция ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілі болды. Осы тұрғыда ғылым өкілдері бұл мәселеге ерекше көңіл бөлетінін, осылайша өскелең ұрпақты адал еңбекке, азаматтық және патриоттық құндылықтарға баулитынын түсіну қуантады. Өз тарапынан Департамент парасаттылық қағидаттарын мен академиялық адалдықты ілгерілету шеңберінде университетпен тығыз ынтымақтасады.

Спикер аталған ауқымды ғылыми іс-шара қоғамның құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға және азаматтардың жоғары патриоттық санасын қалыптастыруға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Конференцияда облыс прокуроры, Әділет департаментінің бастығы, Көкшетау қалалық сотының төрағасы, Полиция мен Экономикалық тергеу департаменттерінің басшылығы да құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында қоғам мен мемлекеттің конституциялық дамуының өзекті мәселелері талқыланды, жақын және алыс шетел ғалымдарының пікірлері айтылды, сондай-ақ халықаралық ғылыми және саяси ынтымақтастықтың маңызды рөлі атап өтілді.

Ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушылар мемлекеттік органдар да, жұртшылық өкілдері де, сондай-ақ азаматтар өздерінің адал еңбектерімен және адал ниеттерімен мемлекеттің табысты болашағын құруға үлес қосуы тиіс екенін атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар