Қарлы бұрқасын: Ақмола облысында – 6, СҚО-да – 3 жол учаскесі жабылды

 – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында сағат 22:30-дан бастап 6 жол учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабаралйды ҚазАқпарат QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төменде көрсетілген жол учаскелері жабық тұр:

1) Астана-Петропавл 304-341 шақырым аралығы;
2) Көкшетау-Рузаевка 0-61 шақырым аралығы;
3) Көкшетау қаласының айналма жолы 0-18 шақырым аралығы;
4) Көкшетау-Омбы 2-50 шақырым аралығы;
5) Көкшетау-Атбасар 0-48 шақырым аралығы;
6)Астана-Петропавл 231-304 шақырым аралығы
(Щучинск қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі учаске).
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан өңірінде де бірқатар жол жабылды, сағат 22:50-ден бастап жабық тұрған жол учаскелері:

1) Астана-Петропавл 341 -392 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Рощинское ауылына дейін);

2) Көкшетау-Рузаевка 61-196 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін);

3) Көкшетау-Омбы 50-85 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Чекалов ауылына дейін);

Қар тазалау жұмыстарын жедел атқару үшін 18 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде.
Ал штаттан тыс жағдай туындаған кезде жол қозғалысына қатысушылар 1403 қысқа нөмірі бойынша Қазавтожолдың тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына жүгіне алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар