Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президенттікке кандидаттардың штаб өкілдеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды - АРҚА АЖАРЫ

Президенттікке кандидаттардың штаб өкілдеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды

— ҚР Орталық сайлау комиссиясы Президенттікке кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семинарда негізгі спикерлер ретінде Ортсайлауком мүшелері Сәбила Мұстафина, Анастасия Щегорцова, ҚР ОСК аппаратының бюджетті жоспарлау және орындау бөлімінің меңгерушісі, «Халық банк» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының өкілдері Жанар Рахимова, Жания Досбаева, сондай-ақ «Астана қаласы әкімі аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Айнагүл Иксан сөз сөйледі.

Семинар қатысушыларына Президенттікке кандидаттардың БАҚ-та сөз сөйлеуіне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі мен тәртібі, кандидаттың сайлау қорларын құру, сайлау қорытындылары белгіленгеннен кейін қаражатты пайдалану туралы есептерді ұсыну, сондай-ақ кандидаттардың барлық қаржы операциялары мен процедураларын ашық, әділ қамтамасыз ету туралы мәселелер толық түсіндірілді.

Сайлауалды штабтардың өкілдері жариялы сайлауалды шараларды өткізу арқылы кандидаттардың сайлауалды үгітті жүргізу, оның ішінде БАҚ арқылы, баспа, аудиовизуалды және басқа да үгіт материалдарын шығару және таратудың құқықтық шарттарымен танысты.

Кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдері тарапынан сайлау науқаны аясында қойылған барлық сұрақтарына семинардың спикерлері толық жауап берді.

Орталық сайлау комиссиясы келесі семинары 2022 жылғы 27 қазанда ҮЕҰ Академиясының алаңында өтетін сайлауды ұлттық байқауды жүзеге асыру мәселелері бойынша саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдеріне жоспарланған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар