ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің сайлау алды штабы Қоянды ауылының тұрғындарымен кездесті

Қарақат Әбденнің сайлау алды штабы белсенді насихат жұмыстарын бастап кетті.

22 қазан күні штабтың үгіт-насихат тобы Ақмола облысының Қосшы қаласының Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге келгендерді үміткердің сайлау алды платформасының басты бағыттарымен таныстырды. Қ. Әбден өз бағдарламасының әрбір қазақстандықтың өміріне қалай әсер ететінін әңгімелеп берді. Кездесу барысында сайлаушылар белсенділік танытып, түрлі сұрақтар қойып, мәселе көтерді. Сұрақтардың дені  әлеумет, инфрақұрылым, баспананы жақсарту туралы болды.

«Бүгін бізге Прездиенттіктен үміткер Қарақат Әбден келіп, өз бағдарламасының мәнін түсіндіріп берді. Өзім қаламыздың инфрақұрылымын дамытуға байланысты бірнеше сұрақтар қойдым» – дейді Қосшы тұрғыны Әлия Бекенова.

Қосшы экономикасы дәстүрлі түрде Астанамен тығыз байланысты. Бұл қалаға да Қазақстанның басқа агломерациялары сияқты – халық санының өсуіне сай проблемалар тән.

BAQ.KZ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар