Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
АӨК саласындағы инспекторларға сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаты түсіндірілді - АРҚА АЖАРЫ

АӨК саласындағы инспекторларға сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаты түсіндірілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агроөнеркәсіптік кешендегі облыстық аумақтық инспекция ұжымымен кеңес өткізді.

Кездесу барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Аманжол Құсайынов қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық новеллалар және алдағы 5 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі үрдістері туралы хабардар етті.

Мәселен, Тұжырымдамада «ақшаны қадағалау» қағидатын енгізу бастамасы, яғни міндетті қаржылық тергеу арқылы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету көзделген. Жосықсыз мемлекеттік қызметшілерді анықтау мақсатында парасаттылыққа тексеру институты (integrity check) іске асырылуда.

Сондай-ақ, бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін басшылардың отставкасына түсуі және тәртіптік жауапкершілігі институты іске асырылуда, сондай-ақ ауыр мен аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салу енгізілген. Жауапкершілікті қатаңдату тек заңсыз сыйақы алушыларға ғана емес, пара берушілер мен пара делдалдарына да қатысты.

Айта кетейік, ағымдағы жылы АӨК саласындағы екі инспектор Тастанов пен Исмаилова сотталды, олар адамдар тобында алдын-ала сөз байласып, кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және карантиндік сертификаттарды іс жүзінде тексеруге шықпастан бергені үшін пара алған және алдау арқылы заңсыз материалдық сыйақы алған.

Спикер атап өткендей, мемлекеттік инспекторлар бақылау өкілеттіктеріне ие бола отырып, азаматтар алдындағы елеулі жауапкершілікті сезінуі және қоғам тарапынан сенімсіздік үшін қандай да бір себептерге жол бермеуі тиіс.

Сонымен қатар, аумақтық инспекция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін адамдарды марапаттаудың сараланған жүйесі және 1424 Сall-орталығының жұмысы туралы айтылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар