Көкшетау мектептері жарылғыш затқа байланысты тексеріліп жатыр

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28-ші қазанда Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына №3 «Дарын» мектеп-интернатында жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды EsilNews

Көрсетілген мекенжай бойынша полиция қызметкерлері мен басқа да шұғыл қызметтер дереу келіп жетті. Мектеп аумағы қоршауға алынды. Оқушылар, оқытушылар құрамы және мектеп әкімшілігі эвакуацияланды. Жарылыс техниктері мен кинологтар мектепті толық зерттеді, жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Кейіннен полицияға басқа орта оқу орындарында жарылғыш құрылғылар бар екендігі туралы хабарламалар келіп түсті, онда тиісті қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізуде. Полиция азаматтардан дүрбелеңге түспеуді, жалған ақпарат таратпауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.

Фото: nur.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар