Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлау-2022. Қытайда 3 сайлау учаскесі жұмыс істейді - АРҚА АЖАРЫ

Сайлау-2022. Қытайда 3 сайлау учаскесі жұмыс істейді

20 қараша күні Қытай аумағында сайлау учаскелері Бейжің және Шанхай қалаларында, сондай-ақ Сянган Арнайы әкімшілік ауданында іске қосылады. Бұл туралы Бейжіңдегі Қазақстан елшілігінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев баспасөз жиынында сайлау науқанына қатысты ақпаратты бөлісті.

Дипломат атап өткендей, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстан президенті енді тек бір рет 7 жылдық мерзімге сайланатын болады және одан кейін қайта сайлана алмайды.

Жалпы президент сайлауына қатысуды қалаған 12 кандидаттан өтініш түсті. Орталық сайлау комиссиясының іріктеуінің нәтижесінде олардың ішінен 6 кандидат Конституция бойынша қойылатын талаптарға сәйкес деп танылып, сайлауға қатысу құқығына ие болды, — деді ол.

Айта кетейік, Президент сайлауына қатысатын кандидаттарға насихаттау науқаны 19 қарашаға дейін өткізіледі.

Қытай аумағында сайлау учаскелері Бейжің және Шанхай қалаларында, сондай-ақ Сянган Арнайы әкімшілік ауданында болады. Олар таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді, — деп түсіндірді Нұрышев.

Сонымен қатар Қазақстанның Қытайдағы елшісі алдағы сайлау науқанының мәні айрықша екенін айтады.

Алдағы сайлау процесінің мәні ерекше. Оның нәтижесімен Жаңа әділетті Қазақстанды құру мақсатында жүргізіліп жатқан реформалардың сәттілігі тікелей байланысты. Қазақстан Президенті атап өткендей әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді, — деп айтты Шахрат Нұрышев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар