Жабал Ерғалиевтің 70 жас мерейтойына арналған салтанатты шара өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург, публицист Жабал Ерғалиевтің 70 жас мерейтойына арналған республикалық театр фестивалінің шымылдығы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры әртістерінің орындауында Ж.Ерғалиевтың «Қораптағы қоқыс» драмасының тұсаукесерімен жабылды.

«Көкшетау» мәдениет сарайының сахнасында сахналанған драманың қоюшы режиссері Жарас Қалдаров.

Жаңа қойылымда от басып опық жеген Камиланың тағдыр жолы арқылы өрбитін оқиға тізбегі кім-кімді болмасын толғандырмай қоймайды. Байлығымен малданып, шалқып тасыған, ойсыз, ысырапшыл кәсіпкер Дәленмен арасын суытып мына дүниеден баз кешіп кетпекке бекінеді.

Серіктерімен бірге қоқыс аралап күн көруді бастаған Камила құдайдың құдыретімен қоқысқа тасталған жаңа туған сәби тауып алады. Бұл шақалақ Камиланың өмірін жаңа арнаға бұрып өміріне шуақ сыйлайды.

Көрерменнің көңіліне жол тапқан шытырманға толы қойылым қоғамның ащы шындығын айшықтайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар