Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

Көкшетауда қаржы пирамидасы туралы резонанстық іс бойынша үкім жарияланды. «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі басшы әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ақша қаражаттарын көбейту сылтауымен жәбірленушілерді, олардың ақшасын иемденді.
Іс бойынша 30 млн теңгеге жуық аса ірі көлемде материалдық залал келтірген 80 адам жәбірленуші деп танылды. Біздің сенімді азаматтарымыз пирамидаға 50 мың теңгеден бастап 1 млн теңгеге дейін қаржы салған.

Сондай-ақ, сотталғандарға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды.
Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды, сот үкімі бойынша сотталғандар жәбірленушілерге барлық ақшаларды қайтаруға міндетті. Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды барынша сақ болуға және қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады.

Көкшетау қаласының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар