«Ретро 60+» облыстық фестиваль-байқауы өз мәресіне жетті

Халық арасында кеңінен таралып, өз уақытының шлягері болған ретро әндерді қайта жаңғыртып, сонымен қатар заманауи әндерді кезінде орындаған, қазір де орындап жүрген өнер майталмандарын, яғни аға буын өкілдерін өз тыңдармандарымен қауыштыру, қазіргі жастарға үлгі ету, дарынды орындаушыларды анықтап, қолдау көрсету, шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Ретро 60+» облыстық фестиваль-байқауы өз мәресіне жетті.

Облыстық байқау фестивалінде көрсеткен жоғары орындау шеберлігі мен өнердің өркендеуіне қосқан өнегелі үлесі үшін дипломымен және бағалы сыйлықпен келесі қатысушылар марапатталды:

«Ақ әжелер» вокалдық дуэті, Аршалы ауданы;
«Берегиня» вокалдық тобы, Аршалы ауданы;
Балошов Василий, Атбасар ауданы;
Левченко Татьяна, Бурабай ауданы;
Попроцкая Нина, Бурабай ауданы;
Кримова Мария, Есіл ауданы;
Коковихина Надежда, Жарқайың ауданы;
«Ару ана» вокалдық тобы, Целиноград ауданы;
Жалкенов Жетписбай, Сандықтау ауданы;
Муратова Бағила, Степногорск қаласы;
Шейн Любовь, Степногорск қаласы;
Магзум Муса, Шортанды ауданы;
Жандарбек Нуртазин, Есіл ауданы;
«Ақ жаулық» вокалдық тобы, Біржан сал ауданы;
Жапаров Есімжан, Красный яр ауылы;
«Ақ дариға» халықтық фольклорлық ансамблі, Зеренді ауданы.

Көрермен қауымы қатысушыларына ыстық ықылас қошаметтерін көрсетіп, ду қол шапалақпен қолдап отырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар