Аударма саласының саңлағы

Республика күніне орай, Көкшетауқалалық ақпараттық кітапхана жүйесі Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист, жазушы-аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұлұлының қатысуымен «Аударма саласының саңлағы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Кездесудің модераторы – ақын, журналист, қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы көп жылдар бойы журналистика саласында, өңірлік және республикалық басылымдарда жарияланған публицистикалық еңбектердің авторы, аударма саласында еңбек етіп жүрген  Ғосман Төлеғұлұлының шығармашылығына тоқталды.

Іс-шараға зиялы қоғам өкілдері, Көкшетау қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Алиев, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Әсия Шәрімова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің кеңесшісі Аманай Сейітқасымов, «Бұқпа» газетінің бас редакторы Бақыт Смағұл, «Көкше» телеарнасының директоры Нұрлан Атабаев, «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қойшин, «Қоғамдық келісім сарайы» КММ директоры Ермек Нұғыманов, Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Оразбаева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ және орыс филология факультетінің студенттері, кітапхана  оқырмандары қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Кездесу барысында оқырмандарға жазушы-аудармашы Ғосман  Төлеғұлұлының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Айнұр ӨТЕБАЕВА,
Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі
әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар