Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау студенттеріне құқық бұзушылықтың салдары туралы айтылды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау студенттеріне құқық бұзушылықтың салдары туралы айтылды

Ағымдағы жылдың 26 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Көкшетау қаласының колледждері студенттерімен қылмыстың алдын алу, нашақорлық, жыныстық қол сұғылмаушылық және кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Кездесулерге білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы А. Галимова және облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ж. Дилдабаева Р. Курсанова, Көкшетау қ. ПБ ОМПС ЗББ аға учаскелік инспекторы А. Кошкенова қжәне «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығының психологы К. Дробышева қатысып, жоғарыда аталған тақырыптар бойынша әңгіме жүргізді.

«Біздің міндетіміз қылмыс жасаудың қайғылы салдарға әкелетінін жеткізу, оны тек білім беру мекемелері ғана емес, ата-аналар да жете түсінуі қажет. Өкінішке орай ата-ананың кемшілігінің кесірінен кәмелетке толмаған екі студенттің есірткі сатуы орын алды. Екеуі де алты жылға бас бостандығынан айырылды», — деп толықтырды Көкшетау қ. ПБ ОПС ББ аға учаскелік инспекторы А. Қошкенова.

Кездесуді қорытындылай келе, көршілердің, таныстардың достарының, туыстарының отбасыларындағы проблемаларға бей-жай қарамау, «Менің қатысым жоқ» деген ұстанымнан аулақ болу керек. Баланың көз жасы, оның депрессиялық көрінісі – бұл әрекет жасаудың белгісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар