Көкшетау студенттеріне құқық бұзушылықтың салдары туралы айтылды

Ағымдағы жылдың 26 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Көкшетау қаласының колледждері студенттерімен қылмыстың алдын алу, нашақорлық, жыныстық қол сұғылмаушылық және кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Кездесулерге білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы А. Галимова және облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ж. Дилдабаева Р. Курсанова, Көкшетау қ. ПБ ОМПС ЗББ аға учаскелік инспекторы А. Кошкенова қжәне «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығының психологы К. Дробышева қатысып, жоғарыда аталған тақырыптар бойынша әңгіме жүргізді.

“Біздің міндетіміз қылмыс жасаудың қайғылы салдарға әкелетінін жеткізу, оны тек білім беру мекемелері ғана емес, ата-аналар да жете түсінуі қажет. Өкінішке орай ата-ананың кемшілігінің кесірінен кәмелетке толмаған екі студенттің есірткі сатуы орын алды. Екеуі де алты жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп толықтырды Көкшетау қ. ПБ ОПС ББ аға учаскелік инспекторы А. Қошкенова.

Кездесуді қорытындылай келе, көршілердің, таныстардың достарының, туыстарының отбасыларындағы проблемаларға бей-жай қарамау, «Менің қатысым жоқ» деген ұстанымнан аулақ болу керек. Баланың көз жасы, оның депрессиялық көрінісі – бұл әрекет жасаудың белгісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар